+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

2021 жылғы 18 қазан 20:08
Бөлісіңіз:
Атырауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жапонияда отқа оранған қойманы 60-қа жуық өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ сөндіре алмай жатыр Атырауда емханадан өрт шығып 45 адам эвакуацияланды Алматыда қойма өртеніп жатыр

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабар бүгін, 18 қазан күні сағат 16:16 шамасында түскен.

«Атырау қаласындағы С.Датов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген. Жалын салдарынан 4 және 5-қабаттағы балкон жанған. Жергілікті уақытпен сағат 16:48-де толық жойылған өртті сөндіруге 9 арнайы техника, оның ішінде 2 автосаты тартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тұрғын үйдегі өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық тұрғын бензин шашып, ағасының үйін өртеп жібергенін хабарлаған едік.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT