Атырауда көпқабатты 7 тұрғын үй жылусыз қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда көпқабатты жеті тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрсая-2 шағын ауданының жылу беру желісінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі 18 қарашада кварталдық желілердің жылыту құбырларынан су ағатыны анықталды.

Бұл желілер 2015 жылы жүргізілген. Осылайша жеті үй жылудан ажыратылды.

«Қазіргі уақытта ағып кеткен су екі вакууммен сорып шығарылып жатыр. Проблеманы жою жөніндегі бірлескен жұмысты ТКШ және жылу желісінің қызметкерлері атқаруда» деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар