Атырауда көпірден секіріп өлмек болған 36 жастағы жігіт құтқарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полицей мен жолай өтіп бара жатқан адам көпірден секірмек болған жігітті құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін Балықшы автокөлік көпірінде болған.

«Ер адам көпір таянышына шығып, «Суға секіремін» деп айқайлаған. Егер суға секірсе, жүзуге шамасыкелмес еді. Өйткені Жайық өзенінде су тасып жатқан, ағысы да жылдам, суық. Өзін-өзі өлтірмек болған ер адамды өтіп бара жатқан азамат көріп қалып, әңгімеге тартқан. Сәлден соң оған көмекке көпірдің блокпостына қызметтік көлігімен келіп тоқтаған полиция қызметкері келген. №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, аға лейтенант Айдын Қаженов жақындап келіп, секірмек болған азаматпен түрлі тақырыпта әңгімелесіп, көңілін аулаған. Бұл әдіс көмектескен. Әлгі жүргінші қарама-қарсы жаққа өтіп, көпірдің шетінде тұрған ер адамға баяу жақындап, артынан ұстап, оны қауіпсіз жерге итеріп жіберген», - деп хабарлады аймақтың ПД баспасөз қызметі.

Құтқарылған азамат – 1984 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны.




Соңғы жаңалықтар