Атырауда көпбалалы отбасы таңдауын жасады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Шаңырақ құрғандарына он алты жыл толған Руслан Есбердиев пен Гүлвира Жақыпованың отбасы бүгінде алты бала тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің мәліметінше, олар Атырау қаласындағы Балықшы шағынауданында орналасқан №15 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Еліміздің тыныштығы, балаларымыздың болашағы үшін таңдау жасадық. Біз әр уақытта да сайлауға белсенді қатысып келеміз. Және болашақ өміріміз жарқын болуы үшін азаматтық позицияның маңызды екендігін отбасымызда балаларымызға айтып отырамыз» дейді алты баланың анасы Гүлвира Жақыпова. ​


Жарасымды ​ шаңырақ үлгісін көрсетіп отырған отбасының үлкен баласы - он төрт, кішісі - 1,5 жаста.

Еске сала кетелік, Атырау облысында түске дейін сайлаушылардың 37,3 пайызы дауыс берді. Бұл - елорда уақытымен сағат 14.00 кезіндегі ақпарат.

Атап өту керек, Парламент Мәжілісі мен​ мәслихат сайлауына орай Қазақстан аумағында және одан тысқары жерде 10 060 сайлау учаскесі құрылған.

Ал, Атырау облысында 265 сайлау учаскесі дауыс берушілерді қабылдауда.

Онда 411 мың сайлаушы тіркелген.

Облыстағы сайлау процесін халықаралық 7 байқаушы бақылауда


Соңғы жаңалықтар