Атырауда көпбалалы әйел жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 4 балалы әйел жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында 4 балалы әйелдің жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастағаны туралы ақпарат тараған еді.

Бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құдаманова растады.

Оның айтуынша, сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйел жүктілігіне байланысты дәрігерлік есепке тұрмаған.

Жүкті әйел аудандық жедел жәрдем стансасына қан кетіп, жағдай қиындаған соң ғана хабарласқан.

«Медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсету кезінде 35 жастағы келіншектің босанғанын анықтаған. Алайда, әйел бастапқыда босанғанын мойындамай, түсіктен кейінгі қан кету деп жалтарған. Өйткені, оның жүктілігіне байланысты амбулаториялық есепке тұрмағаны анықталды. Ол жүктілігін дәрігерлерге айтпай, жасырып келген», -дейді Айгүл Құдаманова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылқоға ауданында 1 емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік амбулаториялық пункт жұмыс істейді.

Ауданда акушер-гинеколог дәрігерлердің тапшылығы жоқ. Қазір аталған ауданда 434 жүкті әйел дәрігерлік есепте тұр.

Жыл басынан бері 44 сәби дүниеге келген.


Соңғы жаңалықтар