Атырауда көпбалалы ана алтыншы перзентін модульдік ауруханада босанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көпбалалы ана алтыншы перзентін модульдік ауруханада босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, көпбалалы Зүлфия Иманқұлова жүктіліктің 39-аптасында модульді ауруханаға түскен.

«Құлсары қаласындағы ауруханада 27 тамызда ПТР-тест тапсырдым. Оның қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Дәрігерлер өкпемді компьютерлік томографияға түсірді. Өкпемнің 19 пайызы зақымданғанын білдім. Ал, 28 тамызда модульдік ауруханаға жатқызды.

Бастапқыда ағзамда әлсіреу, дем жетпеу байқалды. Кейін жансақтау бөліміне ауыстырды.

Сол жерде сәбиімді аман-есен босандым. Қазір жағдайым жақсарды. Сәбиім де аман-сау»,- дейді Зүлфия Иманқұлова.

Науқастың емдеуші дәрігері Шолпан Кенжебайқызының айтуынша, науқас 4 қыркүйекте босанған.

«Жаңа туған нәрестеде коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Алғашқы күндері бала анасының қасында болды. Алайда, науқастың баласына күтім жасауға жағдайы

келмегендіктен, сәби үйіне жіберілді. Көпбалалы анаға тиісті ем-шаралар жүргізіліп жатыр. Қазір жағдай тұрақтанды», -деп мәлім етті дәрігер Шолпан Кенжебайұлы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда модульдік ауруханада 88 сәби дүниеге келгенін

жазған едік.


Соңғы жаңалықтар