Атырауда көп мөлшерде ақша жымқырған компания басшысы сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көп мөлшерде ақша жымқырған «BNB Construction» ЖШС директоры сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «BNB Construction» ЖШС директоры Теміралинге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Теміралин Атырау облысының бұрынғы әкімі Рысқалиев бастаған қылмыстық топтың бақылауындағы заңды тұлғалармен мердігерлік шарттарын жасау жолымен 2 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырған.

25 шілде күні Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Теміралин 3 жыл да 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыра жазасына кесілді.

Бұдан бөлек, сотталушы 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырылды.

Теміралиннің қылмысынан келген зиян сомасы негізгі фигуранттар және басқа да сотталушыларға қатысты сот үкімдерімен өндірілді.

Соңғы жаңалықтар