Атырауда қоныс колониясы жабылды
2017 жылғы 9 қаңтар 15:38

Атырауда қоныс колониясы жабылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жаңа жылдан бастап қоныс колониясы - жеңіл режимдегі сотталушылардың түзету мекемесі жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Соңғы жылдары Балықшы кентіндегі қоныс колониясында орташа есеппен 40-50 сотталушы жазасын өтеді. Қоныс колониясы негізінен 90 адамға арналған. 40-50 жазасын өтеушіге колония штатында 30 маман бақылап отырды. Мекемені қамтамасыз ету үшін жылына 30 млн.теңгеден астам қаржы бөлінді. Сол себепті оны жабу туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады Атырау облыстық прокуратура басқармасының бастығы Кемел Иманғалиев.

Сондай-ақ, ол колониядағы сотталушылардың Ақтөбедегі қоныс колониясына ауыстырылғанын атап өтті.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT