Атырауда көне Сарайшық туралы мультфильмнің тұсауы кесілді

2018 жылғы 2 ақпан, 07:50
Атырауда көне Сарайшық туралы мультфильмнің тұсауы кесілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған «Сарайшыққа саяхат» мультипликациялық фильмінің тұсаукесері болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



10 бөлімнен тұратын мультфильм балалардың көне Сарайшық қаласына жасаған қызықты саяхаты жайлы сыр шертеді. Q-Daily медиа орталығы осы мультфильмді шығаруға екі ай уақыт жұмсады.

«Сарайшыққа саяхат» - Қазақстанда ең жаңа технологиялардың көмегімен шығарылған анимациялық фильм. Сценарийді жазарда Атырау облысының Махамбет ауданындағы көне қаланың орнындағы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген орындарына барып, зерттеулермен таныстық, ғалымдардың кеңестерін тыңдадық. Көрген-білгендеріміздің бәрін мультипликация тілімен жеткізуге әрекет жасадық. Көрермен қауым біздің жұмысқа оң бағасын береді деген үміттеміз», - дейді жоба продюсері Азамат Атагелдиев.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar