Атырауда қонақүй өртеніп жатыр

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында қонақүй өртеніп жатыр. Жалынды сөндіруге 40 өрт сөндіруші тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт бүгін, 23 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 14:58-де тұтанған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне «Zodiac Hotel Atyrau» қонақ үйінің өртенгені туралы шақырту түскен.

«Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткен кезде үш қабатты қонақүй ғимаратының төбе жабындысының жанып жатқаны анықталды. Жалын шарпыған аумақ шамамен 800 шаршы метр. Қонақүйдегі төбе жабындысының жануы салдарынан өрт жоғарғы қабатқа жайылды. Аталған өрттен зардап шеккендер жоқ. Адамдар қонақүйден өздері шықты», - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланы тобы.

Қазір қонақүйдегі өртті сөндіру жалғасып жатыр. Жалынды сөндіруге бастапқыда Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 14 қызметкер мен 3 техника тартылған.

Кейіннен қосымша 26 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Бұған қоса мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің 8 қызметкері мен 3 техникасы көмекке келді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында бірнеше күннен бері Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті әлі толық сөнбегенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар