Атырауда колледж студенттерінің жаппай улануына не себеп болғаны анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы колледждің 20 студенті не себепті уланғаны және бұған кімнің кінәлі екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау сервис колледжінде жүргізілген тексеру барысында оқу орнында кімнің газды бүркіп жібергені анықталды. Ол сонда білім алатын 2002 жылы туған студент болып шықты. Студент бұрышты газ шашқан. Аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұдан өзге ақпарат ҚР ҚК 201-бабына сай жария етілмейді» делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, оқиға Атырау сервис колледжінде бейсенбі күні түс кезінде болған. Сабақ үстінде студенттердің біразы тұншыға бастаған. Содан сабақ тоқтатылып, барлығы ғимараттан шығарылған.

«20 адам улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды. 7 адам жансақтау бөліміне түсті. Олардың жағдайлары қалыпты және өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Сағынғали.

Соңғы жаңалықтар