Атырауда колледж ғимаратының шатыры жанып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда мұнай және газ технологиялық колледжі ғимаратының шатыры жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1949 жылы салынған екі қабатты ғимараттың ағаштан жасалған жабыны жанып кеткен. Өрт 1 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау 05:37-де ауыздықталып, 06:31-де сөндірілді. Ешкім зардап шекпеген. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өрт шыққан жерде ТЖД жедел тобының 4 қызметкері, ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ 36 қызметкері мен 9 техникасы, «Атма-Аэропорт» АҚ 4 қызметкері, «Өрт сөндіруші» АҚ 4 адамы жұмыс істеді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Колледждің ғимараты бос болған. Сабақтар басқа ғимаратта өтіп жатқан. 

Соңғы жаңалықтар