USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атырауда көліктің әйнегін сындырып, 6 млн теңгені ұрлап кеткен

2021 жылғы 8 қыркүйек 21:44
Бөлісіңіз:
Атырауда көліктің әйнегін сындырып, 6 млн теңгені ұрлап кеткен

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көліктің терезесін сындырып 6 млн теңгені ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолалық тұрғын ұрланған жылқыны үйінде жасырған Алматыда әйелдерше киініп алған пәтер тонаушы ұсталды Өскеменде көліктен жарты миллион теңге ұрлаған оқушының әрекеті камераға түсіп қалған

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ұрлық Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында сағат 12:43 шамасында болған.

«Бүгін 50 жастағы азамат көлігін «Көктем» базарының аумағына қалдырып, шаруасымен кеткен. Сол кезде белгісіз біреулер көліктің әйнегін сындырып, қол сөмкесіне салынған 6 млн теңгені ұрлап кеткен» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір аптада жүргізуші куәлігінсіз рульге отырған 11 адам ұсталғанын, сондай-ақ, мас ер адам көлік қозғалысына кедергі келтіргенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT