Атырауда көлікті мас күйде жүргізген әйелге 371 мың теңге айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында көлікті мас күйде жүргізген әйелге 371 мың 140 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 8-бөлігі және 476-бабының 6-тармағымен азаматша А.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғандай, оның көлік құралын басқару құқығы болмаған. Алайда, 2020 жылдың сәуір айында түнгі уақытта автокөлікті масаң күйде жүргізген», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындады. Ол пәтер кілтін әпкесіне жеткізу үшін машинаны жүргізуге мәжбүр болғанын айтып, ақталуға тырысқан. Бірақ, сот оған қатысты бірнеше қаулы шығарды. Сөйтіп, мас күйде көлік руліне отырған әйелге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 8-бөлігімен 371 140 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, аталған Кодекстің 476-бабының 6-тармағымен ескерту түріндегі жаза қолданылды.


Соңғы жаңалықтар