+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атырауда көлік жүргізген жасөспірім ұсталды

2021 жылғы 25 қараша 05:26
Бөлісіңіз:
Атырауда көлік жүргізген жасөспірім ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда шетелде тіркелген көлікті жүргізген 16 жасар жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда заңсыз айналымнан 4 мыңнан астам психотроптық дәрі алынды Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 230 мыңнан астам адам алды Атырауда браконьерлер табиғатқа 1,5 млрд мың теңге шығын келтірген

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 23 қарашада сағат 23:44-те жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына күдік тудырған көлік түскен.

«Атырау қалалық полиция басқармасы патурльдік полиция взводының қызметкерлері Азаттық - Ж.Досмұхамбетов көшелерінің қиылысында «ВАЗ-2114» көлігін тоқттатты. Тексеру кезінде көліктің шетелде тіркеуде тұрғаны анықталды. Көлікті кәмелетке толмаған 16 жасар жасөспірімнің басқарғаны белгілі болды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Көлік жүргізу құқығы болмаған 2005 жылғы жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 2-бөлігімен және 442-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда түнімен көше кезген 23 жасөспірім анықталғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT