Атырауда көлік жүргізген оқушы баланың анасы жауапқа тартылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ағасының көлігін жүргізген 14 жасар жасөспірімнің анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері 28 сәуірде сағат 12:00 шамасында С.Датов - Г.Канцев көшелерінің қиылысында «VIS 23470040» маркалы автокөлік жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқанын байқап, патрульдік полицейлерге бағыттама берген. Көлікті тоқтатқан полицейлер тексеру кезінде рульде 14 жастағы жасөспірімнің отырғанын анықтады. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім ағасына тиесілі көлікті тізгіндеген», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Рульдегі жасөспірімнің кәмелет жасқа толмауына байланысты оның 1973 жылы туған анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы), 593-бабының 2-бөлігімен (Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін) әкімшілік хаттамалар толтырылып, 43 755теңге көлемінде айыппұл салынған.

Атырау облысында кәмелет жасқа толмай көлік тізгіндеген тағы бір жасөспірім туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар