Атырауда көлік жөндеу орталығында 8 автомобиль өртеніп кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда көлік жөндеу орталығында тұрған 8 көлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде, өрт бүгін 17 шілдеде сағат 19:21-де болған.

«Атырау қаласындағы И.Тайманов көшесінде орналасқан «Қазазер» ЖШС-нің көлік жөндеу орталығында өрт шықты. Өрт салдарынан ғимараттың ішінде тұрған 8 жеңіл автокөлік жанып кетті. Жалынды сөндіруге арнаулы қызметтің 15 қызметкері мен 4 техникасы тартылды. Өрт сағат 20:00-де оқшауланып, 20:41-де толығымен сөндірілді»-деп хабарлады баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар