Атырауда көлік жөндеу орталығы өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көлік жөндеу орталығы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 27 тамызда Атырау қаласындағы көлік жөндеу орталығында тұтанған.

«Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткен кезде орталықтың 150 шаршы метр аумағы жанып жатқаны анықталды. Орталықтың металл конструкциясы толығымен өртеніп кетті.

Бұл кезде орталықта көлік болмаған. Жалын сағат 13:50 минутта оқшауланып, сағат 13:55 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге департаменттен 16 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ауылдағы балалар алаңы өртеніп кеткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар