Атырауда көлік жөндеу орталығы өртенді
2021 жылғы 27 тамыз 20:15

Атырауда көлік жөндеу орталығы өртенді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көлік жөндеу орталығы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін, 27 тамызда Атырау қаласындағы көлік жөндеу орталығында тұтанған.

«Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткен кезде орталықтың 150 шаршы метр аумағы жанып жатқаны анықталды. Орталықтың металл конструкциясы толығымен өртеніп кетті.

Бұл кезде орталықта көлік болмаған. Жалын сағат 13:50 минутта оқшауланып, сағат 13:55 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге департаменттен 16 қызметкер мен 4 техника

жұмылдырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ауылдағы балалар өртеніп кеткенін

жазған едік.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT