Атырауда көлік терезесін сындырып, 500 мың теңге ұрлаған күдікті ұстады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көлік терезесін сындырып, 500 мың теңге ұрлаған күдікті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық 24 тамызда түнгі сағат 02:00-03:00 аралығында болған.

«Атырау қалалық полиция басқармасына 1999 жылғы үйінің ауласында тұрған «Лада Приора» автокөлігінен 500 мың теңгесі мен банк карталары ұрланғаны туралы шағым түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, көліктің сол жақтағы алдыңғы есігінің құлпы бұзылған», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы кезінде Батыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір аталған ұрлық дерегімен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында пәтер тонаған 8 ұры ұсталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар