Атырауда көлік қаққан жаяу жүргінші мерт болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көлік қаққан жаяу жүргінші жол жиегінде мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы кеше, 25 ақпанда Атырау қаласында болған.

«Шаһардағы «Тoyota Camry» көлігі түнгі сағат 22:00 шамасында Дүтбаев көшесіндегі жол жиегімен келе жатқан 59 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші жол жиегінде қайтыс болды. Көлікті 28 жастағы жүргізуші басқарған», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда рульде қан қысымы көтерілген жүргізушінің көлігі аударылып, 3 адам ауруханаға түскенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар