Jańalyqtar
Атырауда көлік қаққан 40 жастағы жаяу жүргінші қаза тапты
2019 жылғы 19 қазан 15:52
Бөлісіңіз:

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жаяу жүргіншілер өтпе жолында 40 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұқсас жаңалықтар
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағда» Сәтпаев даңғылында болған. «Тойота» көлігінің жүргізушісі өтпе жолдан өтіп бара жатқан жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам алған жарақатынан облыстық ауруханада көз жұмды.
«Тойота» көлігінің 23 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Атырауда дәл осындай жол апаты болып, көлік қаққан 17 жасар бозбала көз жұмған еді.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Солтүстік Қазақстанда анасы ұрған 3 жасар қыз қайтыс болды
- Жаңаөзенде екі адам газдан уланып көз жұмды
- Ақтөбеде екі адам газдан уланып, көз жұмды
- Алматы әкімдігі: Адам өлтірген жүргізуші - әкімдік қызметкері емес
-
БҚО-дағы жол апаты: Тағы бір адам көз жұмды
-
Атырауда 14 адам коронавирус жұқтырып, 13 науқас емделіп шыққан
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER