Атырауда көлігіне жалған нөмір тағып алған мас жүргізуші ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мас жүргізуші жасанды нөмірі бар көлікті жүргізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 қараша сағат 03:00 шамасындатпатрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік белгісі күдік тудырған «Toyota Avalon» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көлікке тағылған мемлекеттік белгінің жасанды екені анықталды.

Шетелдік көлікті тізгіндеген 23 жастағы жүргізушінің орташа мас болғаны дәлелденді.

«Бұл азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 590-бабының 4-бөлімі және 608-бабы 1-бөліміне сәйкес жинақталған құжаттар Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен мас жүргізуші 7 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір аптада 1000-нан астам жол ережесі бұзылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар