Атырауда көлігімен ит сүйреген жүргізуші ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда көлігімен итті сүйреген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде итті сүйреген көлік туралы видео тарады. Оқыс оқиға Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында болған.

«Аталған дерекке байланысты Атырау қаласында тұратын автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 316-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда тоңазытқыштың есігімен қысып, азаптаған итті АҚШ азаматы асырап алғанын хабарлап едік.



Соңғы жаңалықтар