Атырауда көлігімен 16 жасар баланы қағып, қашып кеткен әйел ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көлігімен 16 жасар жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 29 қазан күні сағат 21:30 шамасында болған.

«Атырау қалалық полиция басқармасының 102 операторына «Өркен» шағын ауданындағы Сатыбалдиев көшесінде BMW маркалы көлігі жол жиегінде кетіп бара жатқан жасөспірім баланы қаққаны жөнінде хабар түсті. Алайда, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты патрульдік полиция мен жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 16 жасар жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 1988 жылғы әйел ұсталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Шетелдік көлік қаққан 16 жасар жасөспірімнің оң аяғы сынған. Қазір жасөспірім облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Ал, 33 жастағы жүргізуші әйелге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 71 жастағы зейнеткерді көлік қағып кеткенін ж азған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар