Атырауда қоқыс полигоны өртеніп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының іргесіндегі қоқыс полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қатты қалдықтар төгілетін алаңдағы өртті сөндіруге «Арнаулы Автобаза» ЖШС-нің қызметкерлері жұмылдырылған. Алайда, өрт сөндірушілерге арнайы хабар түспеген.

«Департаменттің анықтаушы-маманы қоқыс алаңына барып, анықтағанындай, өртті ауыздықтауға «Арнаулы Автобаза» ЖШС-нен 20 қызметкер тартылған. Олар кәсіпорынның 7 самосвал, 4 жүк тиегіш, 4 су шашатын көлігімен өртті сөндіріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Атырауда карантин мерзіміне қатысты жалған ақпарат тарағанын , сондай-ақ, итті қорлықпен өлтірген тұрғын қамауға алынғанын хабарлаған едік.





Соңғы жаңалықтар