Атырауда көктайғақтан 40 адам зардап шекті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында көктайғақ салдарынан 40 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Асхат Бисенғалиевтың айутынша, 28 желтоқсанда емдеу орнына түрлі жарақатпен 20 адам келіп түскен. Ал, бүгін, 29 желтоқсанда сағат 8.00-ден 12.00-ге дейін бөлімшеге тағы 20 адам жүгініпті.

«Оның ішінде жол апаты салдарынан екі адамның басы мен қабырғасына зақым келген. Тағы екі тұрғын тайып құлаған. Қазір төртеуі де ауруханада ем алып жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деңгейде», - деді Асхат Бисенғалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көктайғаққа байланысты үш бағыттағы жол жабылған еді.



Соңғы жаңалықтар