Атырауда көктайғаққа қарсы жұмыс күшейтілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында көктайғаққа қарсы 200 жұмысшы, 20 техника жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта көлікке және жаяу жүргіншіге арналған жолдың бәріне құм себіліп, орталық көшелерге тұз ерітіндісі қолданылып жатыр. Әзірге 12 суару-жуу машинасы, 6 трактор, 2 құм шашатын көлік үздіксіз жұмыс үстінде.

Сондай-ақ, бұған дейін де жауған жаңбырдың салдарынан жолға мұз қатып, Атырау-Астрахан жолы жабылған еді.

Атыраудағы «Қазгидромет» орталығының кешегі болжамы бойынша, осы ауа райы 6-7 желтоқсан күндері де сақталады. Сондықтан үйден шығарда абай болған жөн.

nullnull

Соңғы жаңалықтар