+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырауда қоғамдық орында төбелескен үш жігіт жазаланды

2021 жылғы 16 шілде 13:24
Бөлісіңіз:
Атырауда қоғамдық орында төбелескен үш жігіт жазаланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында қоғамдық орында төбелескен үш жігіт жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті Шар қаласындағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды – ШҚО

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 14 шілде сағат 17:59 шамасында жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары төбелескен үш жігітті байқаған.

«Учаскелік полиция инспекторлары Құрманғазы көшесінде орналасқан «Сафари» кафесінің алдында төбелес шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған үш жігітті анықтады. Бір-бірімен өзара келісе алмағандар – 33, 32 және 30 жастағы азаматтар», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қоғамдық орында төбелескен үш жігітке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Соттың шешімімен екі азаматтың әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, біреуі бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жылқы мүсінін сындырған азамат қамауға алынғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT