Атырауда қоғамдық көліктің жүру уақыты өзгерді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау қаласындағы қоғамдық көліктің жүру кестесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мұндай өзгеріс карантин енгізілгеннен бері жолаушылар ағынының азаюына байланысты қабылданған.

«11 сәуірден бастап алдағы сенбі, жексенбі күндері автобустар сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жүреді. Ал, дүйсенбіден жұмаға дейінгі жұмыс күндері маршруттық автобустардың қозғалу интервалі 7:00-9:00; 12:00-14:00; 17:00-19:00 сағат аралығында белгіленді»-деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар