Атырауда кісі тонап, қарақшылықпен айналысқан топ құрықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда күзет фирмасының қызметшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырауда тонау және қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Барлығы 5 күдікті тұлға, Өзбекстан Республикасының екі азаматынан ұялы телефондары мен ақшалай қаражаттарын тартып алған. 18-24 жас аралығындағы күдіктілердің екеуі қаладағы күзет фирмаларының бірінде жұмыс істейтіні анықталды»,- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Соңғы жаңалықтар