Атырауда кішкентай қызымен жоғалып кеткен келіншек табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда кішкентай қызымен бірге жоғалып кеткен келіншек бір күннен соң табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда 25 жастағы келіншек кішкентай қызымен бірге жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жоғалған келіншек қызымен бірге Атырау қаласынан табылған.

«Туысынан түскен шағымнан соң жоғалған келіншек пен қызын іздестіру іс-шарасы қолға алынды. Атырау қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлері Атырау қаласындағы шағын аудандарындағы көше орамдарында орнатылған бейнекамералармен бақылау жүргізді. Соның нәтижесінде 31 қаңтарда кешкі сағат 22:05 шамасында «Алмагүл» шағын ауданында орналасқан №6 үйдің маңынан іздестіру жарияланған азаматша мен оның қызы табылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар