Атырауда кір жуатын мәшинеден өрт шығып, 18 адам эвакуцияланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 5 қабатты үйдің төртінші қабатында өрт тұтанып, 18 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«9 желтоқсан күні кешкі сағат 19:35-те Атырау қаласы Привокзальный шағынауданындағы бес қабатты үйден түтін шыққаны жөнінде хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде төртінші қабаттың баспалдағында кір жуатын мәшиненің тұтанып, өртенгені белгілі болды. Өрт сөндірушілер 18 адамды ғимараттан көшірді. Оның 8-і - бала. Автобаспалдақтың көмегімен бесінші қабаттағы пәтердің балконынан 4 адам (үшеуі - бала) төмен түсірілді. Олар есік ашылмай, пәтерден шыға алмай қалған. 19:45-те өрт толық сөндірілді» делінген хабарламада.

Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында Атырау облыстық ТЖД жеке құрамынан 8 адам және үш өрт сөндіруші техника жұмыс істеді. 

Соңғы жаңалықтар