Атырауда кілем жуатын цех өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында кілем жуатын цехтың ғимараты өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, 1 ақпанда сағат 07:18-де Атырау қаласыың Жалаңтөс батыр көшесінде орналасқан кілем жуатын цехтың ғимараты өртенген.

«Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер «Евразия» кілем жуу цехы ғимаратының шатыры өртенгенін анықтады. Өрт шарпыған аумақтың көлемі 104 шаршы метрді құрады. Жедел әрекет еткен өрт сөндірушілер жалынның 221 шаршы метрге таралуына жол бермей, 30 кілем мен 3 кілем жуғыш аппаратты қауіпсіз жерге шығарды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 24 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылды. Жалын сағат 08:13-те оқшауланып, сағат 08:35-те толық сөндірілді.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар