Атырауда ҚХА Институты ашылды (ФОТО)

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы Х.Досмұхамбетов атындағы Мемлекеттік университетінің жанында құрылған еліміздегі алғашқы Қазақстан халқы Ассамблеясының институты өз жұмысына кірісті.

«Институттың негізгі міндеті - студенттік жастарды елімізде тұратын барлық 140 ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне араластыру, төзімділік, бірлік, ұлысаралық және конфессияаралық келісім идеяларын насихаттау. ҚХА жылы, Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл - бұл Қазақстанның, қазақстандық қоғамның әлемдік қауымдастықта нығаюының ерекше кезеңі деп ойлаймын», - дейді университеттің ректоры Бейбіт Мамраев.

ҚХА Институты табысты жұмыс істеп жүрген ресейлік және әзербайжандық ғылым және мәдениет орталықтарының, әлеуметтік зерттеулер зертханасының базасында ашылды.

Соңғы жаңалықтар