+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда кезекші сыныптарда оқуға  21 мың өтініш түскен

2020 жылғы 11 тамыз 06:00
Бөлісіңіз:
Атырауда кезекші сыныптарда оқуға  21 мың өтініш түскен

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында ата-аналар тарапынан кезекші сыныптарда 21 мың оқушыны оқыту үшін өтініш түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Есеп комитеті Білім министрлігінің шығыстарына аудит жүргізеді Педагогикалық мамандықты таңдайтын түлектер саны артып келеді – Білім министрі Нұрсұлтан Назарбаев қоры жасанды интеллектіге арналған оқыту жобасын іске қосты

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жаңа оқу жылында қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, бастауыш сыныптың оқушылары үшін 170 мектепте кезекші сыныптар ашылмақ.

«Жаңа оқу жылында «кезекші сыныптарда» оқушылар 140 сынып жиынтығында оқиды деп жоспарлап отырмыз. Сыныптағы бала саны 15-тен аспайтын болады. Осыған орай ата-аналар тарапынан 21 мың өтініш түсті», - дейді Білім беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Алмагүл Қайырлиева.

Оның айтуынша, кезекші сыныптарда бастауыш сыныптың ғана емес, шағын комплектілі мектептің оқушылары да оқи алады. Қазір облыс көлемінде 14 шағын комплектілі мектеп бар. Жаңа оқу жылында осы мектептерде 880 оқушы штаттық режимде яғни, бұрынғыша оқиды деп жоспарлануда.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 470 мұғалім жетіспейтінін жазған едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT