Атырауда кейбір нысандардың жұмыс уақыты түнгі 02:00-ге дейін созылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда кейбір нысандардың түнгі сағат 02:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

«Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін», - делінген қаулыда.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандарға сағат 00:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына сағат 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 28 тамыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының мектептері Ashyq жобасымен жұмыс істейтінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар