Атырауда қазақ күресінен «Полиция барысы» өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қазақша күрестен «Полиция барысы» сайысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің батыс аумағында тойланатын «Көрісу» мерекесіне орай Полиция департаментінің ұйымдастыруымен құқыққорғау органдары қызметкерлері арасында қазақша күрестен жарыс өтті.

Нәтижесінде, «Полиция барысы» атағын қарсыластарына боз кілемде дес бермеген аға лейтенант Аманбек Аруов жеңіп алды.

Спорт пен қызметті қатар алып жүрген Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Аманбек Аруов ішкі істер органдарында 5 жылға жуық қызмет етеді. Ол бұған дейін де самбо күресінен спорт шебері, белбеу күресінен Қазақстан чемпионы атанып үлгерген. Спортшы-полицейге департамент басшылығы халықаралық жарыстарға да қатысуға мүмкіндік жасап келеді.
null
null

«Полиция барысы» сайысында ішкі істер органдарынан барлығы 11 команда қатысып, 100-ге жуық қызметкер күштерін сынады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Полиция департаментінде халықаралық дәрежедегі 7 чемпион қызмет етеді. Оның ішінде департамент бастығы полиция полковнигі Аян Дүйсембаевтің өзі де бар.

null
null

Соңғы жаңалықтар