Атырауда қайырымдылық дүкені көпбалалы аналарға көмек көрсетуде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Игі іске бастама» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық дүкенін ашып, осы уақытқа дейін 300-ден астам отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайырымдылық дүкені мамыр айынан бастап жұмыс жүргізіп келеді. Мақсаты – көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарды киім-кешек және азық-түлікпен қамтамасыз ету. Дүкендегі тауарлар жомарт жандар әкелген сырт киімдер мен аяқ киімдерден тұрады.

«Игі ске бастама» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Ақылбек Мұхановтың айтуынша, дүкендегі барлық дүние мұқтаж жандар үшін ақысыз беріледі. «Дүкеннен ақысыз түрде тамақ алу үшін көпбалалы, жалғызбасты аналардың құжаттары сұралады. Ал, киім алу үшін ешқандай шектеу жоқ. Ең бастысы –мұқтаж жандардың жеке куәлігі қажет», - дейді Ақылбек Мұханов. «Игі іске бастама» қоғамдық бірлестігі де қатарына ерікті жандарды жинауда. Басты талап – мұқтаж жандарға көмектесуге ынталы болуы.

Соңғы жаңалықтар