Атырауда қайыр сұраған адамға айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қайыршылықпен айналысқан азаматшаға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау қаласының мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотының шешімімен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігіне сәйкес, азаматша Х.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Х.С. Атырау қаласы Иманғали орталық мешіті алдында жүргіншілерді мазалап, қайыршылықпен айналысқан. Ол бұған дейін де осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған болатын», - делінген соттың хабарламасында.

Сондай-ақ, сот шешімімен Х.С. есімді азаматша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 15 883 тенге көлемінде айыппұл салынды. 

Соңғы жаңалықтар