Атырауда қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, оқыс оқиға кеше, 15 шілдеде сағат 21:56-да Құрманғазы ауданында болған.

«Қиғаш өзенінің Бірлік ауылдық округіндегі Ягодкин учаскесінің тұсында қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға батып кеткен. Ол өзенді қайықпен кесіп өтпек болған. Бүгін сағат 06:30-да суға батқан адамды іздеу басталды. Іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 жүзу құралы тартылды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Атырауда биыл 25 адам суға кеткенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар