Атырауда қауіпсіздік талабына сай емес 2 нысанның иесіне 50 АЕК айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында құқық қорғау органдары террористік тұрғыдан осал обьектілерді тексеру жүргізіп жатыр. Кемшілік табылған 2 нысанның иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жыл басынан бері осындай 887 нысанда қарап шығып, олардың басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Атырау облысындағы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарына сәйкес келмейтін 68 нысанның басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы және 462-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты 92 әкімшілік хаттама толтырылды.

Соның ішінде Атырау мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп нысандарды тексеру барысында, құқық бұзушылықтар анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 470-бабы бойынша 2 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар