Атырауда қатты желден тұрғын үйдің шатыры ұшып, көліктерді басып қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қатты желдің салдарынан тұрғын үйдің шатыры ұшып, автокөліктерге тиген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, шамамен сағат 13.00-де аяқ астынан күшейіп кеткен жел орталықтағы А. Құнанбаев көшесіндегі 100 пәтерлік №19 үйдің шатырын ұшырып, жолдың үстіне түсірді. Салдарынан үш автокөлік жолға құлаған шатырдың астында қалды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Айта кету керек, куәгерлердің айтуынша, арнайы мамандар келгенше оқиға орнындағылар кетіп қалған.
null

Қазір төтенше жағдай туындатқан жайсыздықтың салдарын жойып, қауіпсіздікті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.




Әлеуметтік желідегі бейнеден скриншот

Соңғы жаңалықтар