Атырауда қатты желден кардиологиялық орталықтың шатыры ұшып, бір адам ауруханаға түсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қатты желден кардиологиялық орталықтың шатыры ұшып, бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырау облысында қатты жел шатырларды ұшырып әкеткенін жазған едік.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін, 29 наурызда қатты желдің екпіні секундына 22-28 метрге жеткен. Қатты жел әлі басылған жоқ. Шаңды дауыл соғып тұр.

«Қатты желден Атырау қаласында орналасқан облыстық кардиологиялық орталықтың 100 шаршы метрлік шатыры ұшып кетті. Табиғат құбылысынан болған оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, желдің салдарынан зардап шеккен 3 адам облыстық аурухананың травматология бөліміне жүгінген.

«Дәрігерлер көмегіне жүгінген адамдар желден қақпаға қысылып қалған. Бір адам облыстық аурухананың травматология бөліміне жатқызылды. Оның қолы сынған, өзге де жарақаты бар. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты деп бағаланып отыр. Ал, екі адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар