+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Атырауда қатты жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкетті

2021 жылғы 14 қаңтар 13:39
Бөлісіңіз:
Атырауда қатты жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда қатты желден тұрғын үйлердің шатыры ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайдағы апат: Жер астында қалып қойған кеншілердің 11-і құтқарылды Қытайда жер астында қалып қойған кенші екі аптадан соң құтқарылды Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер қарудан оқ атқан

Кеше, 13 қаңтарда «Қазгидромет» РМК Атырау облысының кей жерінде аздаған қар жауып, желдің ұйытқуы 25 м/с-қа дейін жететінін ескерткен еді. Осыған орай Атырау қаласы мен аудандар әкімдігіне дауылды ескертуге байланысты қажетті шараларды қабылдау туралы ақпарат, ұялы байланыс операторлары арқылы халықты смс-хабарландыру жіберілген.

«Бүгін, 14 қаңтарда Атырау қаласында желдің ұйытқуы 18-19 м/с-қа жетіп, тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкетті. Таңғы сағат 07:10-да Call-орталыққа «Нұрсая» шағын ауданында шатырдың құлау қаупі туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар №84-ші үйдің 72 шаршы метр шатыры қайырылып, қалған бөлігінің құлағанын анықтады. Ал, сағат 08:22-де Азаттық даңғылындағы №77 үй шатырының құлау қаупі төнді», -деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп,

бүлінген шатырлардың конструкцияларын нығайтқан. Көлік жолына түскен шатырларды

жинақтап, тұрғындардың өміріне төнген қауіпті дереу жойған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT