Атырауда Каспий жағалауындағы қамыс әлі өртеніп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамыс әлі өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті әлі толық сөнген жоқ.

«Қамыс өртін сөндіруге Атырау қалалық өрт сөндіру бөлімшелерінен 7 арнайы автотехника жұмылдырылды. Ал, 35 қызметкер өрт ошақтарын аспалы өрт сөндіргіштер мен мотопомпалардың көмегімен сөндіруде. Теңіз жағалауы батпақты және өсімдіктердің тым биік өсуі қамыс өртін сөндіруде қиындық туғызуда» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Теңіз жағалауындағы қамыс өртіне жерден және әуеден барлау арқылы мониторинг жүргізілуде. Жағалаудан үздіксіз байланыс орнату үшін өрт болған аумақта штаб орналастырылған. Өрттің себебі мен ауданы анықталып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Каспий жағалауындағы қамыстың өртенгенін, оны сөндіру жалғасып жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар