Атырауда Каспий теңізінің жағалауы өртеніп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Каспий теңізінің жағалауы өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар депаратментінің мәліметінше, Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс тұтанған. Жанып жатқан жер «Ақжайық» табиғи резерватының аумағына кірмейді. Өрт сөндірушілер жалынды сөндіруге әрекет еткенмен, батпақтың салдарынан жақындай алмаған. Сондықтан, теңіз жағалауындағы қамыс өртін сөндіру мәселесі ертеңге қалып отыр.

«Атырау қаласына қамыс өртінен ешқандай қауіп тұрған жоқ» -деп хабарлады Төтенше жағдайлар депаратментінен.


Соңғы жаңалықтар