Атырауда кәсіпкерлер үшін вакцина салдыру күні өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда кәсіпкерлер үшін вакцина салдыру күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы директорының орынбасары Рафхат Бозбалиевтың айтуынша, Атырауда 50 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысаны тіркелген.

«Қазір өңірдегі кәсіпкерлік нысандарда 125 мың адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлер де коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантиндік шектеу шараларына түсіністік танытып отыр. Бүгін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің вакцина алмаған адамдардың жұмысқа қосылмайтыны туралы қаулысы күшіне енді. Осыған байланысты бизнес иелері мен олардың қызметкерлері үшін вакцина салдыру күнін өткіздік. Бір күнде 30-ға жуық адам вакцина салдырды», - дейді Рафхат Бозбалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында вакцинаның екі компонентін салдырғандар саны 139 мыңнан асқанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар