+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Атырауда Қашаған кен орнының газын өңдейтін зауыт салынады

2020 жылғы 16 қыркүйек 22:41
Бөлісіңіз:
Атырауда Қашаған кен орнының газын өңдейтін зауыт салынады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағыҚашаған кен орнының газын өңдейтін зауыт салынады. Бұл туралы жоба инвесторы «GPCInvestment» ЖШС компаниясының өкілдері қоғамдық тыңдау кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда табиғи газдың тарифі 45 теңге болып бекітілді

Қашаған газ өңдеу зауытының құрылыс жобасы шикі газды жағудың және кері айдаудың орнына оны қайта өңдеудің ұлттық бағдарламасы аясында іске асырылады. Жаңа зауыт жылына 1 млрд текше метрге дейін газ өңдейтін болады. Сондай-ақ, бұл Қашаған кен орнында мұнай өндіруді 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Газ өңдеу зауытының құрылысын ҚР Үкіметі бекіткен. Оған инвестор ретінде «GPC Investment» ЖШС компаниясы тартылған. Бұдан басқа жобаны іске асыру үшін жетекші отандық және шетелдік мамандар тартылады. Жобаны қаржыландыру инвестордың өз есебінен және қаржы институттарының қаражатын тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.

«Жобаланған жұмыстар учаскесі Мақат ауданының аумағында елді мекендерден алыс маңда болады. Зауыт Атырау қаласынан 60 км, ал аудан орталығы Мақат кентінен солтүстік-шығысқа қарай 63 км қашықтықта орналасқан. Құрылыс кезеңінде, кейін пайдалану

кезеңінде зиянды заттардың шығарындылары, қалдықтардың мөлшері барлық санитарлық нормаларға сәйкес келетін рұқсат етілген мәндер шегінде болмақ. Құрылыс құнына әсер

еткеніне қарамастан, атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту бойынша ең озық

технологияларды пайдалану туралы шешім қабылданды. Атмосфераға күкіртті ангидрид

сияқты зиянды газдың шығарылуын болдырмауға мүмкіндік беретін SCOT технологиясы қолданылды. Сондай-ақ, біз BASF және Dow Chemical сияқты танымал әлемдік фирмалардың озық технологияларын пайдалануды көздедік. Жабық түрдегі алау қондырғысы қолданылады. Жабық алау қондырғысының корпусы шудан, желден, жылу радиациясынан, көрінетін оттан қорғауға арналған», – дейді жобаның техникалық жетекшісі Болат Сақтағанов.

Жобаға су қолданыстағы «Астрахань-Маңғышлақ» су таратқышынан алынады.

Биоресурстарды үнемдеу үшін зауытта тазалаудан кейін суды қайта пайдалана отырып, тұрмыстық кәріздің жабық жерасты желісін салу жоспарлануда. Өндірістік-жаңбыр кәріздерінің коллекторлары бойынша барлық өндірістік және жаңбыр ағындары жабық түрдегі сақтау резервуарына түседі. Сақтау резервуарынан сорғыштар өндірістік-жаңбыр ағынын тазарту блогына беріледі. Тазалаудан кейін қажетті сапаға дейін тазартылған өндірістік-жаңбыр ағыны кәсіпорынның өндірістік сумен жабдықтау жүйесінде қайта пайдалануға жіберіледі.

Газ өңдеу зауытының құрылысында 2500-ге дейін, кейін пайдалану кезеңінде 600-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT