Атырауда қаруды заңсыз сақтап, қарасора өсірген тұрғын қамалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының тұрғыны үйінде есірткі, қару мен оқ-дәрілер сақтап, ауласында қарасора плантациясын өсіргені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел алдын алу іс-шаралары кезінде ауыл тұрғынының бірнеше бап бойынша құқық бұзғанын анықтады.

«55-жастағы азаматтың мекенжайынан жалпы салмағы 900 грамм 43 орамға бөліп салған қарасора, сонымен қатар, заңсыз сақталған 16-калибрлі аңшы мылтығы, 50 дана оқ-дәрі, 62 дана гильза табылды. Сондай-ақ. оның ауласында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіргені анықталып, 178 түп қарасора алынды» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір құқық бұзған азамат уақытша оқшаулау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені» және «Есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап, кептіріп, үгітіп сату» бапбарымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабымен (Қаруды заңсыз сақтау) әкімшілік хаттама рәсімделген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау тұрғыны ауласында қарасора өсіргені туралы хабарлап едік.



Соңғы жаңалықтар